07.10.2021, 18:04 22914

ҚР Президенті Досхан Жолжақсыновты "Отан" орденімен марапаттады

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Д.Қ. Жолжақсыновты "Отан" орденімен наградтау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов "Отан" орденімен наградталсын", - делінген құжатта.

 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны