02.09.2022, 15:28 23051

ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды

Камиль Ақатов ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды.
ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.
 
2015-2016 жылдары — "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
 
2016-2022 жылдары "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді. 
 
2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Qazinnovations" иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Бұған дейін қаржы вице-министрін тағайындау туралы хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны