Республика күніне орай Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етілді
Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Республика күніне орай Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек ардагерлеріне, теміржол, тау-кен металлургия, энергетика, медицина, білім, ғылым салалары қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін марапатталғандар:
"Парасат" орденімен
- Байкәрім Төтенов - еңбек ардагері, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің профессоры;
- Арман Жұмабеков - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің аппарат басшысы;
- Сәкен Қаныбеков - Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;
- Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ аппарат басшысы;
Құрмет" орденімен
- Ербол Раев - "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Ақтөбе бөлімшесі филиалының Жем локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі;
- Ғани Қарасаев - Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" РММ бөлім басшысы;
- Қасым Тілепов - Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары;
- Ержан Біржанов - қаржы вице-министрі;
- Нұрбол Тұрсынбаев - Астана қаласы әкімдігі № 2 қалалық көпсалалы ауруханасының директоры;
- Талғат Ешенқұлов - ғылым және жоғары білім вице-министрі;
- Ботагөз Жақселекова - әділет вице-министрі;
- Ерболат Ыбырайханов - су ресурстары және ирригация вице-министрі;
- Дәурен Кеңбейіл - қаржы вице-министрі;
- Дияс Азбергенов - "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы;
- Жәнібек Тайжанов - көлік вице-министрі;
- Дәурен Темірбеков - қаржы вице-министрі;
- Нұркен Шарбиев - экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
- Азамат Кәрімов - Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы;
- Дәурен Қазантаев - Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы;
- Салтанат Томпиева - Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;
- Талғат Тұрлыбаев - "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы;
- Арман Кенжеғалиев - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басқарма төрағасы;
- Күләш Маханбетова - Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары - бас бухгалтер;
- Гүлмира Ахметтаева - Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары;
- Айгүл Әлиақпарова - Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
- Арман Қасенов - "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры.
Ерен еңбегі үшін" медалімен
- Сырым Нұрберді - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасы сорғы стансасының машинисі;
- Серғазы Мырзағалиев - "QazaqGaz Onimderi" ЖШС Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда көлік учаскесі автокөлік кранының машинисі;
- Мұрат Жұмәліков - "Богатырь Көмір" ЖШС БЖКБ тарту агрегатының машинисі;
- Игорь Кирилин - "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС Гидроэлектр станциясының ауысым басшысы;
- Жаннұр Балмағанбетова - "University Medical Center" Мейірбике ісі департаменті Клиникалық базасының амбулаториялық хирургия бөлімінің медбикесі;
- Олжас Сапарбеков - өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
- Ерлан Әушәріпов - Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;
- Ілияс Төлесов - Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;
- Дархан Мырзабаев - Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;
- Серік Әшіров - ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы;
- Арсен Жақанбаев - Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы;
- Әбілқайыр Әскеев - Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- Әсет Тәукенов - Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- Расул Тынысбаев - Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- Мақсат Елемесов - Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары;
- Қанат Қабылбеков - Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары;
- Надир Құрымбаев - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары;
- Айгүл Гендашева - Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
- Дәурен Мергенбаев - Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;
- Елдос Бертісов - Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
- Жадыра Дәулетханова - Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
- Ақылбек Жақсымбеков - Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
- Айдос Несіпов - Үкімет Аппаратының бас инспекторы;
- Сатыбалды Мұқанов - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ аппарат басшысы;
- Майра Нұртазина - Үкімет Аппаратының бас консультанты;
- Мұрат Сабыр - "Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті" Жоғары кәсіби білім беру мекемесінің бөлім басшысы;
- Мұстафа Шыңғысбаев - "KEGOC" АҚ "Оңтүстік Жүйеаралық электр тораптары" филиалы Механикаландыру және көлік цехының автокөлік кранының машинисі;
- Балтабай Ибрагимов - "Қызылкұм" ЖШС "Хорасан-1" кеніші Өнімді ерітінділер өңдеу учаскесінің 4 дәрежелі сұйық реагенттер қоймасының операторы;
- Тілекқабыл Медеуов - "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Батыс" жолаушылар тасымалы өңірлік филиалы Атырау учаскесінің жолаушылар вагонының жолсерігі.
Шапағат" медалімен
Зүлфия Сағадиева - Абай облысы Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қарқынды терапия блогі меңгерушісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағымен
Жұлдыз Данбаева - Астана қаласы әкімдігінің "№3 көпбейінді қалалық аурухана" ШЖҚ МКК директоры.
Мемлекеттік қызмет ардагері" төсбелгісімен
Мария Сандыбаева - Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

