17.03.2023, 13:38 9561

Сайлау алдындағы үгіт кезінде Бас прокуратура 20 дан астам заң бұзушылықты тіркеді

Ең көп айыппұлдар үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған кезеңде шығарылған
Сайлау алдындағы үгіт кезінде Бас прокуратура 20 дан астам заң бұзушылықты тіркеді
Сурет: gov.kz
Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс депутаттарының сайлау алдындағы үгіті кезінде сайлау заңнамасы нормаларының 23 бұзылуы тіркелді, деп хабарлады бүгін Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев брифингте.
 
Оның айтуынша, ең көбі тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін.
 

Мұндай фактілердің 12-сі тіркелді. Оның ішіндегі 6 жағдайда кінәлілер үш заңды тұлға және үш азамат болып шықты. Олар кандидаттар емес", - деді Өмірәлиев.

 
Қалған 6 жағдайда үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін (18 ақпан сағат 18:00-ге дейін) Мәжіліс депутаттығына кандидаттар жүргізген. Сот айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енген соң тиісті округтік сайлау комиссиялары олардың тіркеуінің күшін жойды.
 
Алматы қаласындағы тағы бір кандидат жазаға тартылды. Ол сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзып, азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткен. Кінәсін мойындады, оның да тіркеуінің күші жойылды.
 
Үгіт жүргізу кезеңінде Қарағанды қаласының 2 тұрғыны үгіт материалдарын жұлып, бүлдіргені үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар, 3 факт сайлау бойынша (Астана-1 және Алматы-2) қоғамдық пікірге заңсыз сауалнама жүргізумен байланысты. Заң бойынша оларды 5 жылдық тәжірибесі бар және ОСК-сын алдын ала хабардар еткен заңды тұлғалар ғана жүргізуге құқылы.
 
Сондай-ақ, анонимді үгіт материалдарын таратқаны үшін 3 кандидатқа және бір БАҚ өкіліне айыппұл салынды.
 
Мәслихаттарға депутаттардың кезектен тыс сайлауы туралы айтатын болсақ, мұнда прокурорлар 11 заң бұзушылықты анықтады.
 
Олар Мәжіліс депутаттарының сайлауымен іспеттес. 6 азаматқа мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын бүлдіргені үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ, Алматыда Пәтер иелері кооперативінің (КСК) төрағасы қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың біріне қызмет көрсетілетін үйлердің кіреберістерінде үгіт материалдарын орналастыруға рұқсат берген, ал екіншісіне тыйым салған.
 
Атырау қаласында жергілікті газетте облыстық мәслихат депутаттығына 2 кандидаттың үгіт материалдары жарияланған. Бірақ, бұл БАҚ тиісті сайлау комиссиясына баспа алаңын беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ұсынбаған.
 
Бас прокуратура сайлау процесінің барлық қатысушыларынан заңды қатаң сақтауды және бұзушылықтарға жол бермеуді сұрайды.
 
Еске сала кетейік, ақпан айында сайлау алдындағы үгіт басталар алдында Қазақстан Бас прокурорының орынбасары сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жаза туралы айтқан болатын.
 
Үгіт 18 ақпанда басталып, 18 наурызға дейін жалғасады.
 
18 наурыз - тыныштық күні. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы бір күнде - 19 наурызда өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны