01.08.2023, 18:43 22711

"Sincere Systems" (S-Group) қаржылық пирамидасын құрушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Іс ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаментінің тергеуінде
Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты "Sincere Systems" (S-Group) қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару ісін ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметінен.  

Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар), компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар тәркіленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны