26.09.2022, 15:25 10721

Тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдіктер шетелдік паспортын ұсынуы тиіс

Бұдан басқа, азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат құзыретті органның уәкілетті қызметкері қол қойған және бөлімше елтаңбалы мөрімен расталған қағаз түрінде ұсынылады.
Тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдіктер шетелдік паспортын ұсынуы тиіс
АСТАНА. 26 ҚЫРКҮЙЕК - Уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына түзетулер жобасына сәйкес, енді шетелдіктерге тұруға ықтиярхат алу үшін шетелдік паспортты ұсыну қажет, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Ұсынылған түзетулерге сәйкес, шетелдіктер тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген кезде шетелдік паспорттың көшірмесін және түпнұсқасын ұсынуы тиіс.
 
Бұдан басқа, азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат құзыретті органның уәкілетті қызметкері қол қойған және бөлімше елтаңбалы мөрімен расталған қағаз түрінде ұсынылады.
 

Шет мемлекеттердің ақпараттық сервистерімен электрондық өзара іс-қимылдың болмауына байланысты осы құжаттың цифрлық баламасын ұсыну ұлттық заңнамада көзделмеген. Электрондық түрде алынатын, электрондық қолтаңбамен қол қойылған соттылықтың болмауы туралы анықтама, егер ол пайдаланушының жеке кабинетінен электрондық түрде жіберілсе ғана, қағаз анықтамаға тең болады. Басып шығарылған электрондық анықтаманың заңды күші жоқ", - деп түсіндірді ҚР Ішкі істер министрлігінде.

 
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына енгізілген түзетулердің толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны