10.03.2023, 10:02 27596

Теміртау тұтынушыларына жылыту үшін 300 млн теңге қайтарылады

Жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің бұзылуы фактісі орын алды, алайда жылумен жабдықтаушылар жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептемеген
Теміртау. 10 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Теміртау қаласының прокуратурасы 2022-2023 жылдар кезеңінде жылумен жабдықтау саласына талдау жүргізді. Теміртаудың 120 мың тұрғынының құқығы қорғалды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлады.
 

Осы жылыту маусымы басталғаннан бері "Оқжетпес-Т" ЖШС-сі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды, бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына соқтырған. Тиісінше, мұндай жағдайларда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеу керек, бірақ монополист мұны жасамаған", - деп хабарлады ведомствода.

 
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша, кәсіпорын жылумен жабдықтауды пайдаланғаны үшін 300 млн теңгеден астам сомаға 120 мың тұрғынға (118 362 жеке тұлға және 1329 бизнес субъектісі) сомаларды қайта есептеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО және электр желілерінің аудиті аяқталады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны