31.10.2022, 12:54 24771

Тимур Сұлтанғазиев ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тимур Сұлтанғазиев ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 31 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.
 
Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.
 
Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.
 
2010 жылы – "Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы" АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
 
2010-2013 жылдары "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды.
 
2013-2014 жылдары – "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының" президентi.
 
2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
 
2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды.
 
2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры.
 
2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры.
 
2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы.
 
2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды.
 
2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны