09.01.2023, 12:41 33811

Тимур Тлегенов ААК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Бұған дейін авиациялық тасымалдар және халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы болып қызметін атқарған
Тимур Тлегенов ААК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
Сурет: ААК
Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Әкімшілігімен және ҚР Үкіметінің аппаратымен келісім бойынша, Тимур Тлегенов Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Тимур Тлегенов 2021 жылы Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) "Әуе көлігін басқару" мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша, 2009 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша үздік бітірген, деді ААК.

Комитет төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық тасымалдар және халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы болып қызметін атқарған.

2009 жылғы қазаннан 2019 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы - халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының аға мемлекеттік авиация инспекторы лауазымдарында қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны