Система Orphus

Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті

27.07.2021, 20:41 9505
Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті
Сурет: ФОТО: АҚОРДА
КӨКШЕТАУ. 27 ШІЛДЕ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.
 

Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды. 
 
Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.
 
Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер Мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауылдарының игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. 
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапары барысында "Bolashaq saraiy" балалар мен жасөспірімдерге арналған 1172 орындық сарайды аралап көрді.
 
Мемлекет басшысына көрме залы, 3D жобалау лабораториясы, киберқауіпсіздік, Lego Mindstorms, өнеркәсіптік интернет заттары, электроника және жаңартылған энергия көздері кабинеттері таныстырылды.
 

Балалар Көкшетаудағы бұл сарайда ғылыми-зияткерлік, шығармашылық және спорт бағыттары бойынша жұмыс істейтін 76 үйірмеден қосымша білім алады. Сонымен қатар жастармен және жасөспірімдермен жұмыс жүргізіледі", - деп атап өтті Ақордада.

 
Президент сарайдағы шәкірттермен онлайн режимінде сөйлесіп, олардың оқуына табыс тіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде Қазақстанда тарихта алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны