16.11.2022, 14:35 19621

Тоқаев қаңтар трагедиясы туралы: Қылмыстарды халық көтерілісі ретінде көрсету әрекеттері бар

Президент халықтың бейбіт шеруі мен қарақшылар жасаған қанды қылмыстың арасын ажырата білу керек екенін атап өтті.
Тоқаев қаңтар трагедиясы туралы: Қылмыстарды халық көтерілісі ретінде көрсету әрекеттері бар
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
Алматы. 16 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуде қаңтардағы погромдар кезінде жасалған қылмыстық әрекеттерді ақтап, оны халық көтерілісі ретінде көрсету әрекеттері туралы айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Еліміздің алтын бесігі - Алматыны қиратып жатқаны осы қаланың перзенті ретінде менің де жаныма батты. Дегенмен, дәл сол сәтте абдырап, уақыт ұттыруға еш қақымыз болған жоқ. Онда әбден дандайсып кеткен қарақшылар қаламызды күл-талқан етер еді. Ел тағдыры сынға түскен жауапты сәтте халқымыз мызғымас бірлігі мен қайтпас қайсарлығын танытты. Мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін біз қандай тәуекелге де баратынымызды айқын көрсеттік. Сол қиын күндерде бүкіл Қазақстан халқы алматылықтардың тілеуін тіледі. Өкінішке қарай, қазір кейбіреулер қылмыстық әрекетті халық көтерілісі деп ақтауға тырысып жүр", - деді Президент алматылықтарға сөйлеген сөзінде.

 
Ол халықтың бейбіт шеруі мен қарақшылар жасаған қанды қылмыстың арасын ажырата білу керек екенін атап өтті.
 

Біз ел ішіне жік салғысы келетін арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Көшеге шығып, бұзақылық жасаған адамдарды дәріптеп, қолдан қаһарман жасауға болмайды. Қастаңдық ұйымдастырған қарақшылардың қылмысын ақтауға жол берілмейді. Олардың бәрі лайықты жазасын алады", - деп сендірді Президент.

 
Ол ауыр қылмыс жасамаған осындай азаматтарға кешіріммен қараған жөн деп шешті.
 

Осыған орай, Рақымшылық туралы заң қабылданды. Бұл - адамгершілік тұрғыдан дұрыс қадам. Өйткені, кешірім - ізгіліктің белгісі. Қажетті заңдық рәсімдер кейін рақымшылық жасалған адамдар босатылып, отбасына оралады. Бұдан былай мұндай қасірет қайталанбайды деп сенемін. Сол үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Президент.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны