08.06.2022, 16:33 11326

Тоқаев Бас прокурордың жаңа орынбасарын тағайындады

Тоқаев Бас прокурордың жаңа орынбасарын тағайындады
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жаңа орынбасары лауазымына Жандос Өмірәлиев тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысының тиісті өкімі Ақорда сайтында жарияланды.
 

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды".

 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.

Жандос Өмірәлиев 1978 жылы туған. Ол 2000 жылдан бері прокуратура саласында жұмыс істеп келеді.

2010-2011 жылдары Бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекші қызметінде - Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесі хатшысы болған.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары Бас прокуратураның кадрлық дамыту департаментін басқарған.

2018 жылдың тамызынан бері Батыс Қазақстан облысының прокурор міндетін атқарушы болған.

2014 жылдан бері президенттік құқық қорғау органдарының басшылар резервіне енген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны