19.07.2021, 23:43 13211

Тоқаев: Ең өкініштісі, біз өз азаматтарымызды жоғалтып жатырмыз

Ол бір апта бұрын Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдегенін еске салды. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті.
НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізілуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Соңғы кезде індет жұқтырған адамдардың саны күрт артты. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде", - деді Мемлекет басшысы.

 
Ол бір апта бұрын Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдегенін еске салды. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады.
 

Ең өкініштісі, біз өз азаматтарымызды жоғалтып жатырмыз. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Тиісті жұмыс жоспарын дайындап, оны жүзеге асыру қажет. Аймақтардың көп бөлігі қызыл аймақта орналасқан. Ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын артып келеді", - деді Тоқаев.

 
Ол ең маңызды мақсат - вирустың таралуын тоқтату емес екенін атап өтті.
 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл мүмкін емес. Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның бір ғана жолы бар. Бұл – жаппай вакцинация, екпе салу", - деді Мемлекет басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны