27.07.2021, 20:04 9766

Тоқаев екі министрлікті қайта ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. 27 ШІЛДЕ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін қайта құрды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтына сілтеме жасап.
 
 

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңсыз көшіп келудің жолын кесу, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясы, Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визалар беру, халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап беріле отырып; 2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері: 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын", - делінген Жарлықта.

 
Жарлық қолданысқа енді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны