07.12.2022, 09:24 10356

Тоқаев Екібастұздағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы Премьер-Министрдің баяндамасын тыңдады

Ол жекешелендірілген энергетикалық активтерге қатысты мәселелерді шешуді тапсырды
Тоқаев Екібастұздағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы Премьер-Министрдің баяндамасын тыңдады
Сурет: telegram/KZgovernment
Екібастұз. 7 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың баяндамасын тыңдап, қалыптасқан күрделі жағдайды түбегейлі өзгерту үшін нақты шешімдер қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралар қаланы қиын жағдайдан шығаруға септігін тигізді. Екібастұзға келген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарға жедел басшылық жасау тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын.

Мемлекет басшысы Үкіметке қалаларды қысқы жылыту маусымына дайындау кезінде жіберілген қателіктерге мұқият талдау жүргізу міндетін жүктеді.

Сондай-ақ Үкіметке Екібастұзда және басқа да елді мекендерде қалыптасқан күрделі жағдайды түбегейлі өзгерту үшін нақты шешімдер қабылдау тапсырылды.

Бұдан бөлек, жекешелендірілген энергетикалық активтерге және олардың иелерінің жауапкершілігіне қатысты мәселелерді шешу қажет. Президент Үкімет пен құқық қорғау органдарының барлық жұмысы өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті.

Бұған дейін 7 желтоқсан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша барлық зардап шеккен үйлерге жылу берілгені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны