14.02.2023, 14:31 29531

Тоқаев Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Тоқаев Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Сурет: twitter/@SooyasSystem
Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Түркия Республикасына шұғыл көмек көрсетуге 1 миллион доллар бөлген болатын.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында қатты жер сілкінісі болды. Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.

Сондай-ақ, Сирия жойқын жер сілкінісінен зардап шекті. Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны