29.03.2022, 19:55 30886

Тоқаев: Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы құрылсын

Тоқаев: Конституцияға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы құрылсын
НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - Мемлекет басшысы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Президент Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобын құруды тапсырды.
 
Жұмыс тобына бір ай мерзімде ұсыныстарды тұжырымдау тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны