23.06.2022, 16:14 10296

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. 23 МАУСЫМ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Президент 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдағанын еске салды.
 

Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны