31.01.2022, 16:44 16471

Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысады

Тоқаев Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысады
Сурет: akorda.kz
НҰР-СҰЛТАН. 31 ҚАҢТАР - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының шақыруымен 4-5 ақпанда Бейжіңге барады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

 
Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
 
Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді. Ойындарға қатысу үшін қазақстандық спортшылар спорттың сегіз түрінен 82 лицензия жеңіп алды.
 
Қазақстандықтар XXIV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны