27.01.2022, 17:31 16626

Қазақстандықтар XXIV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады

Қазақстандықтар XXIV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көре алады
Сурет: olympic.kz
НҰР-СҰЛТАН. 27 ҚАҢТАР - Қазақстандықтар 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" және "El arna" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Qazaqstan және Qazsport телеарналарындағы барлық жарыстарға тәжірибелі комментаторлар командасы қызмет көрсететін болады.
 

"Qazaqstan" телеарнасындағы Олимпиада ойындарының ашылу, жабылу салтанаты мен жарыстар толықтай қазақ тілінде жүргізіледі. Комментаторлармен бірге тікелей эфирге қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорт сарапшылары шақырылады. Әрбір жарыстың алдында және жарыс күнінен кейін "Бейжің-2022" атауымен тікелей эфирдегі студиялық бағдарламалар ұйымдастырылады", - деп атап өтті ведомствода.

 
Телеэфирден бөлек, олимпиадалық жарыстарды арналардың www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайты мен "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар. 
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Олимпиадаға қатысуы 228 млн теңгені құрайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны