29.12.2022, 16:09 35576

Тоқаев ҚР Қарулы Күштерінде кадрлық өзгерістер жүргізді

Әуе қорғанысы күштерінің жаңа бас қолбасшысын және Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жаңа қолбасшысын тағайындалды
Тоқаев ҚР Қарулы Күштерінде кадрлық өзгерістер жүргізді
Сурет: gov.kz
Астана. 29 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінің жаңа бас қолбасшысын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жаңа қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;

  • Нұртас Дәулетұлы Қабақов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының басқа өкімдерімен:

  • Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

  • Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны