12.04.2021, 21:51 8673

Тоқаев: ҚР халықаралық ғарыш бағдарламаларына белсенді қатысады

"Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді".
НҰР-СҰЛТАН. 12 СӘУІР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығы күні Қазақстанның ғарыш жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді", - деп жазды Қазақстан Президенті Twitter-де.

 
Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағында Юрий Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығына арналған салтанатты отырыс өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны