21.03.2021, 16:00 13570

Тоқаев қызғалдақты Қазақстанда Наурыздың символына айналдыруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. 21 НАУРЫЗ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған үндеуінде қызғалдақты мерекенің символына айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ел ұғымында қырдың қызғалдағы – нағыз көктемнің нышаны. Осы орайда, қызғалдақ гүлін Ұлы даладағы Ұлыстың Ұлы күнінің басты белгісі ретінде бекітуге болады", - делінген құттықтауда.

 
Мемлекет басшысы атап өткендей, Наурыз – ағайынды бауырмалдыққа, көрші-қолаңды татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі. Бұл туралы Ұлы Абай "Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып" деп жырлаған.
 

Мейрамның терең философиялық мазмұны жақсылықты ешқашан ұмытпай, қайырымдылықтың қадірін білуге және табиғатпен үндестікте өмір сүруге үндейді", - деп атап өтті Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны