27.08.2021, 18:35 8424

Тоқаев Жамбыл облысының тұрғындарына үндеу жолдады

Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
ТАРАЗ. 27 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және жұмылдырылған барлық адамдар белсенді жұмыс жасауда. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып келеді. Бірақ жағдай бақылауда. Тараз қаласы мен ауыл тұрғындары сабырлы әрі сақ болуы керек", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылғы 26 тамызда сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шықты. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралды. Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды. Өрт салдарынан инженерлік оқ-дәрілердің бірнеше жарылысы орын алды. 
 
19.15-тен бастап әскери қалашықтың 16 үйінің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Содан кейін оқиға орнынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан 3 елді мекеннің тұрғындарын эвакуациялау ұйымдастырылды. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер Жамбыл облысының әскери бөлімдеріне жөнелтілді. 
 

Уақыт өте келе жарылыстар тоқтады, алайда өрт жалғасуда. Сонымен қатар, бірқатар инженерлік оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар жанып, жарылыс, дүмпулер, ауқымды жалын мен қатты дыбыстық әсер тудыруы ықтимал", - деп нақтылады Қорғаныс министрлігінде. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны