25.11.2022, 12:15 3886

Тоқаевты ұлықтау уақыты белгілі болды

Тоқаевты ұлықтау уақыты белгілі болды
Астана. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Сенбі, 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ "Ақорданың" әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.
 
Естеріңізге сала кетейік, сайлаушылардың 81,31% дауысын жинап, Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік сайлауда жеңіске жетті. ҚР Президенті лауазымына барлығы алты адам үміткер болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны