11.06.2025, 10:07 52716

Жамбыл облысында магистральдық каналдағы суды есептеу жүйесі автоматтандырылды

Жамбыл облысында Шу ауданындағы ТМК магистральды каналының соңындағы К1 және "Далақайнар" тармақтарында суды есепке алу және бақылауды автоматтандыру бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылды. Нысан "Қазсушардың" жергілікті филиалының қарамағында, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жүйе диспетчерге арна арқылы берілетін су көлемі туралы жедел хабарлайды. Жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін тұрақты бақылау үшін нысан тәулік бойы бақылау жүргізетін 360 градусты көрсететін екі камерамен жабдықталып, арнайы қоршау орнатылған.

Автоматтандыру суды канал арқылы дәл реттеуге мүмкіндік береді, бұл судың шығынын айтарлықтай азайтады. Түрлі дереккөздерден алынған мәліметтерге негізделген тиімді стратегиялар арқылы су ресурстары тұрақты және әділетті түрде үлестіріледі. Бұл ауыл шаруашылығы үшін судың қолжетімділігін арттырады.

Жаңа жүйе суды есепке алуды айтарлықтай жеңілдетеді. Іске асырылып жатқан пилоттық жоба су секторын цифрландырудың тағы бір қадамы. Ол ирригациялық инфрақұрылымды жаңғыртудың тиімді үлгісі бола алады", - деді Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры Қайрат Аманов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны