18.06.2025, 17:15 40976

Жоғары аудиторлық палата 154 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықтады

Жоғары аудиторлық палата 154 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.

2024 жылы Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 360 аудиторлық іс-шара жүргізді. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 81 млрд теңгені құрады. Қаржылық бұзушылықтардың ең көп көлемі республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде (46 млрд теңге), республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде - (23,1 млрд теңге) анықталды.

Жоғары аудиторлық палата 214 нысанда шамамен 11 триллион теңгені құрайтын 27 аудиторлық іс-шара жүргізді. Жалпы сомасы 154 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар, 708 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау мен тиімсіз пайдалану, сондай-ақ 10 мыңнан астам рәсімдік бұзушылықтар анықталды. 135 млрд теңге өтеу мерзімімен өтелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны