08.06.2026, 14:07 83241
Үстірт қорығында қабылан фототұзаққа ілікті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында аса сирек кездесетін қабылан фототұзаққа түсті, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл деректер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.
- Жыртқыштың наурыз және мамыр айларында фототұзаққа түскені анықталды. Қазіргі таңда қорық қызметкерлері қабыланның қозғалысын бақылауды жалғастырып жатыр, - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
11.08.2026, 11:18 1561
Comic Con Astana 2026 фестиваліне 76 мыңнан астам қонақ келді
Достарға айту
Астанада 6-9 тамыз аралығында заманауи поп-мәдениетке арналған бесінші халықаралық Comic Con Astana 2026 фестивалі өтті. Іс-шара ұйымдастырылған төрт күн ішінде оған 40-тан астам елден 76 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Фестиваль алғаш рет Николай Костер-Вальдау, Пол Андерсон, Иньяки Годой және Таз Скайлар сияқты төрт халықаралық хедлайнерді қабылдады. Актерлер жанкүйерлерімен кездесіп, сұрақ-жауап сессияларына қатысып, қолтаңба таратып, фотосессиялар өткізген.
"Тақтар ойынының" жұлдызы Николай Костер-Вальдау Қазақстанда өзін жылы қарсы алғанын атап өтіп, Маңғыстауды көру үшін елімізге қайта келгісі келетінін мәлім етті.
"Кез келген ел туралы алғашқы әсерді адамдар қалыптастыратыны анық. Қазақстан мені өте жылы қарсы алғанын айтқым келеді. Мұндағы адамдар ашық әрі мейірімді", - деді актер.
"Өткір күнқағарлар" телехикаясындағы Артур Шелби рөлімен танымал Пол Андерсон Comic Con Astana фестивалін өзі қатысқан Comic Con фестивальдерінің ішіндегі ең үздігі деп атады.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі жүлде қоры 20 млн теңгені құраған халықаралық косплей байқауы болды. Бағдарламада концерттер ұйымдастырылып, блогерлермен, суретшілермен, косплейшілермен және контент жасаушылармен кездесулер өтті.
"Фестивальге тек алғашқы күнінің өзінде 16 мыңнан астам адам келген. Бұл - Comic Con Astana фестивалінің рекордтық көрсеткіші",- деп мәлім етті ұйымдастырушылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.08.2026, 15:47 9076
Жолбарыстың табиғат аясына оралуы, көшбасшылар саммиті және Comic Con: Қазақстанда өткен апта несімен есте қалды
Достарға айту
Орталық Азия көшбасшыларының кездесуі, жолбарыстың жабайы табиғатқа оралуы, жасанды интеллект олимпиадасы және Астанадағы Comic Con - осы және өзге де маңызды оқиғалар туралы ақпаратты Kazakhstan Today-дің 31 шілде мен 6 тамыз аралығындағы апталық дайджестінен оқыңыздар.
Саяси күн тәртібінің басты оқиғасы - Қырғызстанда өткен Орталық Азия және Әзербайжан елдері көшбасшыларының бейресми кездесуі болды. Жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңір елдерінің өзара іс-қимылын нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, қабылдауды ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша негізгі салалардағы ынтымақтастықты дамыту туралы Шолпан-Ата декларациясы қабылданды.
Халықаралық күн тәртібінің өзге тақырыптарына тоқталсақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Румыния Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушымен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, Каспий құбыр консорциумының төңірегіндегі жағдай және энергетикалық қауіпсіздік сияқты мәселелерді талқылады.
Тағы бір есте қаларлық жаңалық - Амур жолбарысының жабайы табиғатқа оралуы. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет Үміт есімді жолбарыс табиғатқа жіберілді. Қазір ол "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына бейімделуде. Мамандар оны GPS қарғыбауы арқылы тұрақты бақылауда.
Білім саласындағы күн тәртібі де маңызды оқиғаларға толы болды. Астанада өтіп жатқан жасанды интеллект бойынша III халықаралық олимпиадаға (IOAI) 100-ден астам елдің оқушылары қатысуда. Олимпиаданың ашылу салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық дамуды стратегиялық бағыт ретінде таңдағанын мәлімдеді.
Апталық топтаманы кино мен поп-мәдениет жанкүйерлеріне арналған фестиваль түйіндейді. Қазақстан астанасында Comic Con Astana 2026 бастау алды. Хедлайнерлер қатарында "Тақтар ойынының" жұлдызы Николай Костер-Вальдау, актерлер Пол Андерсон, Иньяки Годой, Таз Скайлар және Kandis K-pop тобы бар.
Аптаның басты оқиғаларын осылай аяқтаймыз. Жаңалықтар легін Kazakhstan Today-мен бірге қадағалаңыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.08.2026, 15:28 15901
Қазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс жабайы табиғатқа жіберілді
Сурет: Скриншот с видео
Достарға айту
Балхаш. 3 августа. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс табиғи ортаға жіберілді.
"Үміт" есімді амур жолбарысының ұрғашысы "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жіберілді.
Бұл - жолбарысты өзінің тарихи мекеніне қайтару бағдарламасының алғашқы практикалық кезеңі.
Жолбарыс табиғатқа жіберілер алдында толық ветеринарлық тексеруден өтіп, оның табиғи болымысы мен аңшылық дағдылары бағаланды.
Жабайы аңға спутниктік GPS-қарғыбау да тағылды. Енді мамандар оның жүрген жері мен жаңа ортаға бейімделуін тәулік бойы бақылап отырады.
Биыл мамыр айында Қазақстанға төрт амур жолбарысы жеткізілген болатын. Еркек жолбарыс пен олардың екі күшігі әзірге мамандардың бақылауында.
Жобаның түпкілікті мақсаты - Іле-Балқаш өңірінде жолбарыстың тұрақты көбеюін қалпына келтіру болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.08.2026, 11:35 16506
Аптаның басты оқиғалары: Тоқаевтың жүргізген келіссөздері, «Болашақ ойындары» мен Қазақстан қанжығасындағы тарихи алтын
Достарға айту
Президенттердің келіссөздері, жаңа халықаралық келісімдер, кең көлемді спорттық турнир және қазақстандық семсерлесушілердің тарихи жеңісі - 24 - 30 шілде аралығындағы басты оқиғаларға шолу жасаймыз.
Омбыдан бастасақ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі ел арасындағы Өңірлік ынтымақтастық форумына қатысты. Мемлекет басшылары стратегиялық әріптестікті дамыту мен бірлескен жобаларды талқылады. Тоқаев Путинге Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастырып, "Стамбұл формуласы 2.0" бастамасына қайта оралуды ұсынды.
Сондай-ақ, Қазақстан АҚШ-мен белсенді диалогты жалғастыруда. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың G20 саммитіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын сапарына дайындық барысын, стратегиялық әріптестікті дамытуды және Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды егжей-тегжейлі талқылады.
Осы уақытта Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Ермек Көшербаев әріптестерімен бірлесе отырып өңірлік қауіпсіздік мәселелерін және қыркүйек айында Бішкекте өтетін саммитке дайындық барысын талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық сауда бағыттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын, әсіресе энергетикалық инфрақұрылым мен мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға қатысты мәселелер де ерекше назарға алды.
Ал, Астана қаласы 12 күн бойы фиджитал спортының әлемдік алаңына айналады. Қасым-Жомарт Тоқаев 34 елден келген 800-ден астам спортшыны біріктірген "Болашақ ойындары - 2026" халықаралық турнирін ресми түрде ашты. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.
Еліміздегі мақтана хабарлайтын келесі жаңалық бұл - Қазақстанның ерлер құрамасы Гонконгта өткен семсерлесуден әлем чемпианатында алғаш рет алтын медаль иегері атанып, тарихи жеңіске жетті. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларды айтулы жеңісімен құттықтады.
Осы аптадағы басты оқиғалар міне осындай. Жаңалықтар легін Kazakhstan Today агенттігімен бірге қадағалаңыздар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.07.2026, 15:32 24001
Димаш Құдайбергеннің жарық көрген жаңа әні алғаш рет Жапония радиосының эфирінде шырқалады
Достарға айту
30 шілде күні Kiryu FM радиостанциясы әншінің шығармашылығына арналған әрі оның Жапониядағы фан-клубымен бірлесіп дайындалған Dimash Special арнайы бағдарламасын эфирге шығарады.
Эфирдегі басты тұсаукесер Aqerke атты жаңа композиция болады.
Димаш Құдайберген - бірегей вокалдық диапазонымен әлемге танылған қазақстандық әнші, әлемдегі миллиондаған жанкүйердің сүйіктісі. Жапонияда оның шығармашылығы кеңінен танылған және де өте жоғары бағаланады. Kiryu FM радиостанциясы 2020 жылдан бері, яғни алты жыл бойы өз тыңдармандарына Димаштың шығармашылығын тұрақты түрде дәріптеп келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2026, 11:03 41616
Шөлейт жерлердің көгалдануы. Kazakhstan Today түсірген деректі фильм
Достарға айту
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Ақсу аймағында шөлейттенуге қарсы ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып келеді. 1986 жылдан бері мұнда қорғаныш орман белдеулері отырғызылып, тамшылатып суару технологиялары енгізілуде. Соның нәтижесінде Такла-Макан шөлінің белең алуы едәуір баяулап, тозған жерлердің біраз бөлігі қалпына келтірілді.
Бүгінде жасыл белдеу елді мекендерді құм және шаңды дауылдардан қорғайды, ал қалпына келтірілген жерлерде экономикалық тұрғыдан тиімді орман дақылдары өсірілуде. Сонымен қатар, өңірде экологиялық туризм де қарқынды дамып келеді. "Долан" экологиялық саябағы мен Тянь-Шань шатқалы жыл сайын жүздеген мың туристі қабылдап, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етуде.
Жобаның негізгі бағыттарының бірі - Тянь-Шань мұздықтарынан келетін еріген суды тиімді пайдалану болып табылады. Заманауи технологияларды, экожүйелерді қалпына келтіруді және инфрақұрылымды дамытуды ұштастырған кешенді тәсілдің арқасында Ақсу аймағыда шөлейттенудің зардаптарын азайтып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2026, 16:29 50176
Қатонқарағайда қар барыстарының отбасы тағы да фототұзаққа түсіп қалды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қатонқарағай ұлттық паркінің таулы аумағында орнатылған фототұзаққа үш марқайған күшігімен жүрген аналық қар барысы тағы да түсіп қалды.
Осыдан бірнеше ай бұрын дәл осы қар барыстарының отбасы фототұзаққа алғаш рет тіркелген болатын. Жаңа түсірілімдерден күшіктердің едәуір өсіп, табиғи мекендеу ортасында аналығына ілесіп жүргенін көруге болады.
Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан. Алынған бейнематериалдар Қазақстанда мекендейтін ең сирек әрі ерекше қорғалатын жыртқыштардың бірі - қар барысының төлдерінің сәтті өсіп-жетіліп келе жатқанын растайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2026, 13:20 91156
Қазақ дипломаттары Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткен "Рәміздер рухы - Конституция күші" акциясына қатысты
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.08.2026, 09:52Шынар Ақпарова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды 13.08.2026, 11:27 2451СІМ шетелдік журналистерге Құрылтай сайлауына аккредиттеуден өту мерзімдерін еске салды13.08.2026, 10:22 936Алматыда жоғары дәрежелі шақыру бойынша өрт сөндіріліп жатыр13.08.2026, 12:14 621Астанада Жастар күніне арналған Jastar Day фестивалі өтті13.08.2026, 11:13 461Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» алғашқы нысаны 2027 жылғы маусымда іске қосылады
06.08.2026, 15:56 73471Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7332616 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 73041Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71491СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60771"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105666АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99386Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97966Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97126Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94986ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

