03.04.2025, 14:08 61936

Алматыда шетелдіктерден алты SIM-бокс тәркіленді

Алматыда шетелдіктерден алты SIM-бокс тәркіленді
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-бокс анықтап, тәркіледі, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады.

Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді.

Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстык кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша - "ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату" қылмыстық іс тіркелді.

 Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны