08.07.2025, 10:32 65626

Алматыдағы "UILI BOLAYIK" қаржы пирамидасына 500 ден астам адам ондаған миллион теңге салған

Алматыдағы "UILI BOLAYIK" қаржы пирамидасына 500 ден астам адам ондаған миллион теңге салған

UILI BOLAYIK" (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.


Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде бүркемеленген бұл жоба аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген.

Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15-30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген.

Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал "UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының" есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған.

Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарына тыйым салынды.

Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны