21.04.2025, 17:51 20961

Алматыда жасырын есірткі қойып кетуші ұсталды

Алматыда жасырын есірткі қойып кетуші ұсталды
Алматыда жасырын есірткі қойып кетуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының шағын аудандарының бірінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Оның жанынан ерекше иісі бар, ақ түсті ұнтақ салынған орамдар табылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаевтың сөзінше, алдын ала мәлімет бойынша тәркіленген зат синтетикалық есірткі болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Есірткі қойып кетушілерді анықтау және ұстау жұмыстары тұрақты түрде жалғасып жатыр.
 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны