07.08.2024, 11:37 18936
Алматының тұрғын алабында есірткі зертханасы анықталды
Достарға айту
Алматының тұрғын алабында есірткі зертханасы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Зертхана Наурызбай ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен анықталды. Жедел уәкілдер, кәдімгі пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған 29 жастағы ер адамды ұстады.
Осы үйде, тінту кезінде сұйықтық құйылған канистрлер, сұйықтық құйылған шыны банкалар, прекурсорлары бар 20 литрлік 8 канистр, электронды таразылар, респираторлар, ұнтақ заты бар жәшік және басқа да құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама көрсеткендей, бұл шикізатты күдікті, синтетикалық мефедрон есірткісін жасау кезінде пайдаланған. Есірткі бетбелгілерін де өз бетімен жасаған. Күдікті қамауға алынды. Есірткі өндіру және сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.
Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.09.2024, 12:58 1411
Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолы кесілді
Достарға айту
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен "Bitcoin"қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды.
Заңсыз "майнерлер" 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған, бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген.
Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен(ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.
Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген "Bitcoin" түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады.
Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне жәнекриптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрлық активтер мен майнингті заңмен реттеп, криптобиржаларды одан әрі дамыту ісін жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қаржылық мониторинг агенттігінің істері бойынша 2024 жылы цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында 7 үкім шығарылды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық жолмен алынған құны 1.2 млрд теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.09.2024, 15:49 9201
АҚШ-қа және басқа елдерге қоңырау шалған: Алматыда алаяқтықпен айналысқан төрт call-орталық жойылды
Достарға айту
ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында төрт call-орталықты жойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет-алаяқтар шетелге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға "жоқ" инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған. 47 шетел азаматы, сондай-ақ Қазақстанның 5 азаматы ұсталды.
Олардың шетел азаматтарына 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды. Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Ішкі істер министрлігі алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды қырағы болуға шақырады. Қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар. Сізге мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жіберілетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Егер сілтеме бойынша өтіп қойсаңыз, онда мессенджеріңізді қосылып тұрған басқа құрылғылардан ажыратыңыз. Бейтаныс абоненттердің бейнеқоңырауларына жауап бермеңіз. Егер біреу телефон арқылы несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынса - сенбеңіз. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері мұндай операцияларды ешқашан телефон арқылы жүргізбейді. Жеке деректеріңізді, банк картасының жарамдылық мерзімін, CVV-кодын ешкімге бермеңіз. Күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз. Инвестиция жасамас бұрын қор нарығын және жобаның өзін мұқият тексеру қажет. Телефоныңызға қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және PlayMarket платформаларын пайдаланыңыз. Өзіңізге және жеке ақпараттарыңызға мұқият болыңыз! Полиция әрқашан жаныңызда! Алайда көп нәрсе сіздің қырағылығыңызға байланысты екенін естен шығармаңыз!" - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 14:19 20556
Қызылорда облысында дәрілік заттар айналымы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды
Достарға айту
Қызылорда облысында дәрілік заттар айналымы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіздәрі-дәрмек тағайындалған.
Медициналық нұсқаулықсыз 170 науқасинсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.
Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған.
Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан.
Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 14:12 20756
Талдықорғанда мыңнан астам вейп тәркіленді
Достарға айту
Талдықорғанда мыңнан астам вейп тәркіленді: курьер мен сатушы ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп темекі өнімдерін және вейпті заңсыз сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел іс-шаралар барысында, соның ішінде бақылап сатып алу кезінде екі ер адам ұсталды: 18 жастағы курьер және 22 жастағы сатушы заңсыз сауда жасаған.
Санкцияланған тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 вейп тәркіледі, бұл осы өнімдердің заңсыз айналымының едәуір көлемін көрсетеді.
Вейптердің жалпы сомасы - 7млн теңге. Бұл вейптарды, әсіресе жас тұрғындар арасында заңсыз тарату мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Электрондық темекі денсаулыққа және оларды бақылаусыз сату қоғамға қауіп төндіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 13:47 20936
Қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
Достарға айту
Қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі, өткен жылдың қараша айынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды.
Орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңгені құраған.
Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қадағалау органы азаматтарды қырағы болуға және сақтық танытуға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 13:45 21116
ШҚО құны 3,5 млрд теңгені құрайтын есірткі тәркіленді
Достарға айту
ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды: тәркіленген есірткінің құны 3,5 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыстың Ұлттық қауіпсізік Департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі.
Заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакеттерде жалпы салмағы 125 кг астам "мефедрон", 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ, тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін замануи зертханалық жабдықтар тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.
Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесінде қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.09.2024, 13:41 21321
ҰҚК Алматы ҚАЖД лауазымды адамдарының ұсталғаны туралы хабарлады
Достарға айту
ҰҚК Алматы ҚАЖД лауазымды адамдарының ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметінен.
ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктелуде.
Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.09.2024, 15:42 24726
Қазақстанда мессенджерлер арқылы алдау оқиғалары жиілеп кетті
Достарға айту
Соңғы уақытта "WhatsApp", "Telegram" және т.б. мессенджерлерін пайдалана отырып, азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспсөз қызметінен.
Көбінесе алаяқтар азаматтардың аккаунтына сілтеме түрінде зиянды бағдарлама жібереді. Әдетте, сілтемеде балаларға дауыс беру, жүлделер ұтыс ойыны немесе сауалнаманың әртүрлі тақырыптарына сұрақ-жауап түрінде және т. б. туралы ақпарат бар.
Сілтемені басқаннан кейін шабуылдаушылар азаматтардың аккаунттарына, телефонға және дербес компьютерге параллель қол жеткізе алады.
Әрі қарай, олардың аккаунтынан немесе фотосуретті мессенджерлерге енгізе отырып, ақша алуды сұрайтын мәтіндік хабарлама жіберіледі және т.б. бұл жағдайда мұндай хаттарды алушылар мұндай өтінішті нақты деп қателеседі. Ақша алу үшін алаяқтар үшінші тұлғалардың шоттарын пайдаланады (дроптар).
Осы схеманың жалғасында алаяқтар азаматтарға (әдетте жоғары лауазымдардағы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне) басшыларынан хаттар жібереді.
Келесі танымал алаяқтық схемалары:
бұл қоңыраулар мен хабарламалар болуы мүмкін, онда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің кейбір мәселелер көрсетіледі және нұсқауларын орындау ұсынылады. ҰҚК-нің ойдан шығарылған қызметкерлері банктік шоттағы қандай да бір күдікті операциялар (оның ішінде террористік топтарды қаржыландыру және т.б.) туралы хабарлайды және арнайы операцияны жүргізуге жәрдемдесуді талап етеді. Осыдан кейін байланыс прокуратура, банк және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ауысады. Әдетте, мұндай операция несиені рәсімдеу, депозиттен немесе ағымдағы шоттан ақша аудару және ақшаны арнайы шотқа аудару, сондай-ақ курьер арқылы қолма-қол ақша беру қажеттілігінен тұрады.
туындаған проблемалар туралы хабарланады және ҰҚК таныс қызметкерінің байланыстары жіберіледі, ол оларды сыйақы үшін шеше алады.
Сенімділік үшін ведомствоның ресми бланкісіндегі түбіртектер/құжаттар (қызметтік куәліктердің, басып шығарылған тапсырмалардың және ҰҚК бұйрықтарының мөрлері мен қолдары бар фотосуреті) жіберілуі мүмкін.
Осыған байланысты ІІМ азаматтарды мұқият болуға және туыстарынан, достарынан және т.б. күмәнді сілтемелер түскен болса, олар бойынша өтпеу туралы ескертеді.
Мұндай хаттар мен қоңырауларды алған кезде оларды ашпауға және жіберушімен дереу байланысуға кеңес береміз.
Егер сіз сілтемені ашқан болсаңыз, тіркелгіге байланған бөгде құрылғылардың бар-жоғын тексеру қажет. Ол үшін "WhatsApp" және "Telegram" мессенджерлер қосымшасында "Параметрлер", одан әрі - "байланысты құрылғылар" (Telegram - да - "құрылғылар"), онда параллель қосылыстар көрсетіледі. Егер қойындыда бөгде құрылғы болса, сессиядан шығу керек. Жеке деректер мен байланыстарды қорғау үшін мұндай процедураны мүмкіндігінше жиі жүргізу ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.09.2024, 14:07Қазақстанда "Шексіз бауырластық-III" көпұлтты оқу-жаттығуы басталды 10.09.2024, 13:58 Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді65961Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді10.09.2024, 14:15 65956Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде10.09.2024, 13:54 65806Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді10.09.2024, 14:22 65781"Самұрық-Қазына" қорында Донор күні өтті
28.08.2024, 18:38 115951Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11476639 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 110561Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 106326Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 106191Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді