22.04.2024, 17:47 19661

Қарағандыда полицейлер интернет-алаяқтыққа тосқауыл қойды

Қарағандыда полицейлер зейнеткерді алаяқтардан сақтап қалды. Қала тұрғыны қаскөйлерге 50 млн теңге аудармақ болған. Бұл туралы ІІМ апталық брифингінде департамент бастығы - ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz. "Қарағанды облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес бөліміне банктен қоңырау түседі. Олар өз депозитінен 50 млн теңге алмақ болған əйел туралы хабарлайды. Қаржы мекемесіне барған тəртіп сақшыларына қала тұрғыны өз шотындағы ақшаны шешіп алып, немересінің депозитіне салғысы келетінін айтқан. Ал немересі бұл туралы мүлдем білмеген. Полицейлер зейнеткерді қаражатты шешпеуге көндірген. Алаяқтардың əйелге "бұл туралы ешкімге айтпа" деп ескерткендігі анықталды. Оларға сеніп қалған қала тұрғыны ешкімге тіс жармай, қаскөйлердің нұсқауын орындамақ болған", - деді спикер. Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, қазір халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ биыл полиция "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, шетелдік қылмыскерлер жасайтын телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимылдың жаңа техникалық əдісін енгізді. Енді IP жəне SIP телефонияны пайдаланатын және елден тыс жерде орналасқан алаяқтар Қазақстан Республикасы азаматтарының қалалық абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалып, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыра алмайды. Арнайы жүйе олардың қоңырауларын танып, бірден бұғаттайды. Жыл басынан бері екі миллионнан астам осындай қоңырау бұғатталды. Бұл телефон алаяқтығын азайтып қана қоймай, оны толығымен тоқтатуға мүмкіндік берді. Одан бөлек, Цифрлық даму министрлігі жəне ұялы байланыс операторларымен бірге ауыспалы нөмірлерден түсетін қоңырауларды бұғаттау шаралары қабылданды. Интеграция жүргізілген сəттен бері 45 млн қоңырауға тосқауыл қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны