13.08.2025, 19:36 30801

Қаржылық мониторинг агенттігі есірткіні өткізу және есірткіден түскен кірістерді заңдастыруға байланысты ақша қозғалысын белсенді түрде қадағалайды

Қаржылық мониторинг агенттігі есірткіні өткізу және есірткіден түскен кірістерді заңдастыруға байланысты ақша қозғалысын белсенді түрде қадағалайды
Сурет: Depositphotos
25 млрд теңгеден астам айналымы бар 50 наркошоптың қызметі әшкереленді. Барлық транзакциялар бойынша толық мәліметтер ІІМ, ҰҚК және прокуратураға берілді. Бір мезгілде онлайн-дүкендер арқылы есірткі сатып алған 40 мыңға жуық адам анықталды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Алдын алу мақсатында қаржы реттеушілерімен бірлесіп дроп карталарды танудың тиімді тетігі жолға қойылды. Нәтижесінде 20 мыңнан астам карта бұғатталды. Банктер 8 мың клиентпен іскерлік қатынастарын үзді. Есірткіден түскен 2 млрд теңгеден астам қаражат шоттарда тоқтатылды.

Есірткі саудасына қатысы бар 3 мыңнан астам крипто әмиян анықталды, 11,5 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бұғатталды.

Есірткіден түскен кірісті заңдастыруға да пайдаланылған 130 заңсыз криптоайырбастау орны (64 қылмыстық іс) жойылды. ТМД елдеріндегі 50-ден астам жергілікті дүкен мен 20 ірі жеткізушінің қызметі тоқтатылды.

 - Соңғы бір жарым жылда есірткінің заңсыз айналымына қатысты 225 дерек анықталды, 118 кг-нан астам есірткі және психотроптық зат (оның ішінде 4,5 кг синтетикалық есірткі), 217 мың дана күшті әсер ететін препарат (тыйым салынған "анаболикалық стероидтар") тәркіленді.

Жыл басынан бері халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы жеткізілетін 4 арна жабылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны