16.04.2025, 11:24 55611

Астанада заңсыз майнинг: 900 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді

Астанада заңсыз майнинг: 900 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді
Астанада заңсыз майнинг: 900 млн теңгеден астам мүлік тәркіленді, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады.

Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды.

 Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.

Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік ("Toyota Camry", "Nissan Juke") және майнинг жабдықтары тәркіленді.

Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны