09.07.2025, 18:35 59846

Астанада жалған доллармен сауда жасаған күдікті ұсталды

Астанада жалған доллармен сауда жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада автодүкен иесі полицияға шағым түсірді. Күнделікті табысты санау барысында 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкнот табылған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, дүкенге келген сатып алушы автокөлік бөлшектерін сатып алмақ болған. Алайда ол шынайы купюраның орнына сувенирлік ақшаны берген.

Сатушы бұл сәтте мән бермеген. Кешкісін табысты есептеу кезінде дүкен иесі жалған ақшаны байқап қалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 43 жастағы күдіктіні анықтады. Ол өз кінәсін мойындады.

Оның айтуынша, жалған купюраларды интернеттен сатып алған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, бірден "102" нөміріне хабарласыңыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны