10.04.2024, 14:46 38396

Бұрын сотталған күзетшілер мен жұмыс істемейтін камералар: Жетісу мектептерінде қауіпсіздіктің өрескел бұзылу фактілері анықталды

Прокурорлар 300-ден астам санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігін бұзу фактілерін анықтады
Жетісу мектептерінде қауіпсіздіктің өрескел бұзылу фактілері анықталды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Жетісу облысының білім беру мекемелерінде прокурорлар 300-ден астам санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігін бұзу фактілерін анықтады

Тексеру барысында облыстағы 5 мектеп маңында жаяу жүргіншілер өткелдері мен «Балалар» белгілерінің болмауы сияқты инфрақұрылымдық жағдайлардың жеткіліксіздігіне ерекше назар аударылды.

Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласындағы екі мектептің аумақтары толығымен қоршалмаған, бұл олардың аумағына бөгде адамдардың оңай кіріп кетуіне мүмкіндік береді.

60 мектепте бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді, оның 170-і ғана полицияның орталық жедел бөлімдеріне қосылған.

25 мектеп мерзімі өтіп кеткен санитарлық қорытындылармен жұмыс істеген.

Кейбір жағдайларда оқушыларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек пен азық-түлікті сақтау фактілері орын алған.

17 мектепте оқушылардың тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу жағдайлары анықталды.

Еңбек заңнамасының талаптарына қайшы, мектептерде бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған үш күзетші жұмыс істеген.

Мәселен, олардың бірі аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар Кербұлақ ауданы  білім бөлімінің есепшілерінің бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 40 қадағалау актісі енгізілді, 135 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 41-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны