28.08.2025, 14:55 73256

Бір млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны үшін кінәлі тұлғалар сотталды

Бір млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны үшін кінәлі тұлғалар сотталды
Сурет: Depositphotos
Бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып әрекет еткен екі таныс алаяқтық схемасын жасаған, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратуры.

Олар кеңсені жалға алып, жұмыс істеп тұрған ЖШС-ның деректемелерін пайдаланып, азаматтарды жеңілдетілген шарттармен Астана мен Алматы қалаларында орналасқан жоғары санатты тұрғын үй алу, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында несие мен қарыз рәсімдеуге уәде беріп, жалған келісімшарттар жасасу арқылы жаңылыстырған.

Олардың әрекеттері нәтижесінде 150 жәбірленушіге 1 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Сот үкімімен сотталушылардың кәмелет жасқа толмаған балаларының болуын, шығынды жартылай өтеуі жеңілдететін мән-жай ретінде танылып және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріліп, олардың әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге материалдық жауапты және басшылық қызметтер атқару құқығынан айырылды.

Келтірілген материалдық залал сотталғандардан өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны