22.06.2026, 14:59 416
Шымкентте интернет-алаяқтар тобының жолы кесілді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы кең таралған алаяқтық схеманы қолданған. Олар азаматтарға туысы, досы немесе жақын танысы болып хабарласып, түрлі сылтаумен шұғыл түрде ақша аударуды сұраған. Алданған тұрғындар көрсетілген шоттарға қаражат жіберіп отырған.
Жәбірленушілердің бірі - жергілікті тұрғын. Ол өзіне досының атынан шұғыл қаржылай көмек сұраған хабарлама келгеннен кейін, еш күмәнданбастан көрсетілген есепшотқа 3,5 миллион теңге аударған. Кейін алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер алты күдіктіні анықтады. Тінту барысында жалдамалы пәтерден қылмыс жасау кезінде пайдаланылған 19 SIM-карта, 11 телефон және планшет тәркіленді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.06.2026, 10:06 2181
Ақмола облысында жалпы құны 221 млн теңгені құрайтын вейптерді заңсыз сату арнасы жойылды
Сурет: ҚМА
Достарға айту
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Заңсыз өнімдерді өткізу әлеуметтік желілердегі интернет-дүкендер арқылы жүзеге асырылып, жеткізу курьерлік қызметпен ұйымдастырылған.
Қатысушылар заңсыз қызметін жасыру мақсатында конспирация шараларын қолданып, ақша қаражатын қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің қызметін пайдаланған. Қылмыстық табыс көлемі 221 млн теңгеден асып жығылған.
Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынып, күдікті қамауға алынды.
Тергеп-тексеру жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.06.2026, 14:54 16471
Түркияда алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Түркия Республикасынан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыстарын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.
Оны Қазақстанға қайтаруды ұйымдастыруда ҚР ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстан Республикасының Елшілігі өзара іс-қимыл жасап, елеулі көмек көрсетті. Тергеу мәліметі бойынша күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.
Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 16:11 24716
ШҚО-да браконьерлер құрықталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
ШҚО-да қорық аумағында әрекет еткен браконьерлер тобының жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК-нің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлері Марқакөл ауданында ауқымды операция жүргізді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде Қызыл кітапқа енгізілген балық түрлерін заңсыз аулауды кәсіпке айналдырған 23 пен 50 жас аралығындағы алты адамнан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Марқакөл және Урунхайка ауылдарында жүргізілген тінту барысында бағалы балық түрлерінің 700 келіден астамы, оның ішінде ускуч пен хариус балығы, сондай-ақ 200 литрден астам ускуч уылдырығы тәркіленді.
Бұдан бөлек, күдіктілерден пайдалануға тыйым салынған ау құралдары, балық аулау жабдықтары, қысқы балық аулауға арналған құрылғылар, радиостанциялар және оқ-дәрілер алынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 14:31 25646
Ағымдағы жылдың бес айында мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін тұрақты негізде жүзеге асыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2026 жылдың бес айында 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға төмен.
Сонымен қатар қылмыстың осы түрін ашу көрсеткішінде оң динамика байқалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі иелеріне қайтарылды. Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 25 бас ірі қара малдың ұрлану дерегін ашты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңірдің үш тұрғыны ұсталды. Олар түнгі уақытта жүк көлігін пайдаланып, жайылымнан мал ұрлап, кейін оның бір бөлігін делдалдар арқылы сатып жіберген.
Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.
Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін малды қараусыз еркін жайылымға жібермеуге, оны уақтылы таңбалап, мал жоғалған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.06.2026, 09:44 27116
Талдықорғанда есірткі таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптылар құрықталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Құқық қорғау органдарының жүйелі және мақсатты жұмысының нәтижесінде қоғамға, әсіресе жастарға қауіп төндіретін тыйым салынған заттарды тарату арналарының жолы кесілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Талдықорғанда синтетикалық есірткіні өткізумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады. Олар - Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны мен Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жеке тінту және кейінгі тергеу әрекеттері барысында олардан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар, сондай-ақ есірткілерді өлшеп-орауға және таратуға арналған заттар тәркіленді.
Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы уақытша тұрып жатқан мекенжайларында жүргізілген тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен олардың заңсыз қызметпен айналысқанын айғақтайтын құрал-жабдықтар анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 18:21 30596
Елімізде жалған нөмірі бар 500-ден астам автокөлік анықталды
Достарға айту
10-14 маусым аралығында ішкі істер органдары жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын көлік құралдарын анықтау және осындай деректердің жолын кесу бойынша республикалық рейдтік іс-шаралар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Нәтижесінде 22 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзудың жолы кесілді, оның ішінде 500 көлік құралында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі орнатылған. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз пайдаланылған 1,5 мыңнан астам көлік анықталды. Арнайы тұрақтарға шамамен 2,5 мың автокөлік қойылды", - деп мәлім етті ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 10:18 32981
Алматы облысында ауыл шаруашылығы кооперативтері арқылы 251 млн теңгеден астам субсидия жымқырылған
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы облысында субсидияларды жымқыру және жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша сот үкімі шығарылды.
ҚМА ақпаратына сәйкес, "БАҒДАУЛЕТ и ПК" АӨК және "АМАНТАУ-2023" АӨК басшысы екі жыл бойы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында субсидияларды заңсыз алып отырған.
Ауыл шаруашылығы басқармасына шикі сүт сатып алу, сондай-ақ сары май мен қатты ірімшік өндіру және өткізу туралы жалған мәліметтер ұсынылған. Жалған құжаттардың негізінде бюджеттен 251 млн теңгеден астам субсидия заңсыз төленген. Алайда кооперативтерде көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік қуаттар, жабдықтар, жұмысшылар және өзге де ресурстар болмаған.
Сонымен қатар тергеу барысында жалған мәмілелерді рәсімдеу және контрагенттердің салық жүктемесін жасанды түрде төмендету мақсатында пайдаланылған "ComputerService" ЖК арқылы жалған электрондық шот-фактуралар жазып беру схемасы анықталды. Нәтижесінде бюджетке төленбеген салық сомасы 416 млн теңгеден асты.
Сот қылмыстық схемаға қатысқан екі адамды 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған "BMW" автокөлігі мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 18:51 45021
Зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдап соққан интернет-алаяқтары құрықталды
Достарға айту
Алматы қаласында зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдап соққан интернет-алаяқтары құрықталды, деп хабарлайды қала прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақша қаражатын бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асты.
Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.06.2026, 11:20Halyk және Alatau City Bank Алатау қаласын дамыту бойынша серіктесіп жұмыс істейін болады 22.06.2026, 12:17 2651Елімізде 180 млрд теңгеге жол бойындағы сервис стансалары салынады22.06.2026, 11:52 2606Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 582 млн доллардан асып жығылды22.06.2026, 10:06 2131Ақмола облысында жалпы құны 221 млн теңгені құрайтын вейптерді заңсыз сату арнасы жойылды22.06.2026, 09:42 1826Астана - Қорғалжын тасжолындағы жол апатынан кейін екі көлік өртеніп, бес адам қаза тапты
19.06.2026, 09:58 129801Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 09:30 129366Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды19.06.2026, 14:20 124911Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 1246162025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді19.06.2026, 16:14 121981Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
06.06.2026, 12:47 177066Қазақстан мен Сауд Арабиясы туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде05.06.2026, 21:54 171801СҚО-да машина жасау саласының өсу қарқыны бір жарым есе артты25.05.2026, 14:54 165966Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады01.06.2026, 21:07 162036Өскеменде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Дәстүр HUB" шығармашылық кеңістігі ашылды01.06.2026, 16:33 152601СІМ қазақстандықтарға шетелдегі іс-шараларға қатысу кезінде ұсынымдар берді

