09.04.2025, 13:22 54466

Сириядағы террористерге қосылуға үгіттеген: қазақстандық 8 жылға сотталды

Сириядағы террористерге қосылуға үгіттеген: қазақстандық 8 жылға сотталды
2024 жылғы қыркүйекте Шымкент қаласында "С" есімді азамат "WhatsApp" мессенджері арқылы танысы "Т" есімді азаматшаға халықаралық террористік ұйым "Мұсылман бауырлар" идеологиясын және "қарулы жиһад" идеясын насихаттайтын, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды жолдап, террористік топтарға қосылуға үгіт - насихат жасаған.

Сот үкімімен "С" есімді азамат ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Өткен жылы осындай қылмыс жасағаны үшін 10 азамат сотталған.

Шымкент қаласының прокуратурасы бұл әрекеттер үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүлкін тәркілеу қарастырылғанын ескертеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны