10.04.2024, 15:06 43511

Түркістан облысында бұрын бірнеше рет сотталған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды

Түркістан облысында бұрын бірнеше рет сотталған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды
Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полиция бұрын бірнеше рет сотталған деструктивті діни ағым жақтаушысын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында деструктивті-діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Қ.Сахов мәлімдеді.

Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті-діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар орналастырған. Біздің жедел уәкілдер ІІО есебінде тұратын күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Қ.Сахов Қазіргі уақытта күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны