10.07.2025, 16:57 60281

Заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Заңсыз құрылысқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен үлестік құрылысқа азаматтардан қаражатты заңсыз тарту фактісі бойынша тергеу аяқталды.

400-ден астам отбасының мүддесіне 4,6 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтірген бір топ адамдарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, үш тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды.

Алынған қаражат мақсатсыз жұмсалып, нысандардың құрылысы мүлде жүргізілмеген.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан сақтануға және құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны