15.07.2022, 14:30 30446

Аграрлық несие корпорациясы Jana Dala көрмесіне қатысуда

Аграрлық несие корпорациясы Jana Dala көрмесіне қатысуда
Фото: agrocredit.kz
КӨКШЕТАУ. 15 ШІЛДЕ - Ақмола облысының Ақкөл ауданында "Jana Dala/GreenDay 2022" Егістік күні көрме-көрсетілімі өтіп жатыр. Шаруалар үшін маңызды саналатын ауқымды шараға Аграрлық несие корпорациясы қатысуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Аграрлық несие корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Компанияда атап өткендей, жыл сайын өтетін дәстүрлі көрме отандық және шетелдік аграрийлердің өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстардың нығаюына септігін тигізеді.
 
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты биылғы Жолдауында аса тұрақсыз халықаралық жағдай қалыптасқан қазіргі кезде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор екенін атап өтті.

instagram/agrocreditnursultan

Республикалық бюджеттен қысқа мерзімді несие ретінде 70 млрд теңге бөлінген болатын, бұл қаржы "Кең дала" бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын несиелеуге жұмсалды. Бұған қоса, Үкімет 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданды. Осылайша, биыл бұл бағытта фермерлерді қолдау мақсатында қаржыландыру көлемі екі есеге артып отыр. Шаруалардың көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы бастауы үшін корпорация қосымша қаражаттың түсуін күтпей өз қорынан несиелендіруді бастады. Қазіргі таңда бұл берешектер бюджеттік қаржымен алмастырылып отыр. Жалпы 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға корпорация 330 миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр", - деді Аграрлық несие корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Олжас Баймаханов.


instagram/agrocreditnursultan
Жалпы, корпорация тікелей несие беру арқылы 57,9 млрд теңге, ал қаржы институттарын қорландыру арқылы (несие серіктестіктері, шағын қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компанияларын қаржыландыру) - 124,6 млрд теңге бөлді.
 
Сонымен қатар, корпорация аграрлық сақтандыру бойынша агенттік қызметттерді атқаруда. Егістік алқаптары мен жайылымдарды артық ылғалдан немесе керісінше құрғашылықтан сақтандыру, мультитәуекел бағдарламалары бойынша ірі қараны, ұсақ мал, жылқы мен құсты сақтандыру бағдарламалары жұмыс істеуде. Аграрийлер үшін сақтандыру құны мемлекет бөлетін субсидия есебінен 50 пайызға төмендетіледі.

inform.kz
Ақмола облысында өтіп жатқан жыл сайынғы "Jana Dala/GreenDay 2022" Егістік күні көрме-көрсетілімі АӨК саласындағы озық үлгідегі технологиямен танысуға, отандық және шетелдік аграрийлерді өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстардың нығаюына септігін тигізетін тиімді алаң. Дәстүрлі шараға 5 мыңнан адам қатысып, 30-дан аса компания өз ауылшаруашылығы техникалары мен қондырғыларын іс жүзінде таныстырады. Одан бөлек түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдері мен шеберлік сабақтары өтеді.
 
Анықтамалық ақпарат:
 
 "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларымен www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады. 
 

новости по теме

Читаемое

Новости RT

    Новости Китая

      Ваше мнение

      Казахстанцы жалуются на плохое содержание спортивных объектов, в особенности высокогорного комплекса “Медеу”. Считаете ли вы, что “Медеу” и другие спортобъекты, которые переданы в управление частным компаниям, необходимо вернуть в госуправление?