02.02.2022, 18:29 27376

Тоқаев пен Алекперов мұнай-газ секторындағы жобаларды талқылады

Тоқаев пен Алекперов мұнай-газ секторындағы жобаларды талқылады
НҰР-СҰЛТАН. 2 АҚПАН - "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен "Лукойл" жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді", - деп хабарлайды Ақорда.

 

Жеңіс" және "Әл-Фараби" жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ "Лукойл" мұнай компаниясы – "Қаламқас-теңіз" бен "Хазар" теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.

 
Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін ЛУКОЙЛ басшысы Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездесті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны