16.09.2022, 14:38 14736

Қазақстанда АЖҚС-та дизель отынын сатуды есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды

Ақпараттық жүйенің функционалы нақты уақыт режимінде елдің автожанармай құю станцияларына АЖҚС-та 1 литр үшін 230-260 теңгеден сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда АЖҚС-та дизель отынын сатуды есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. 16 ҚЫРКҮЙЕК - 2022 жылғы 15 қыркүйекте мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесінің базасында сараланған бағалар бойынша дизель отынын жіберу үшін тұтынушылар деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ақпараттық жүйенің функционалы нақты уақыт режимінде елдің автожанармай құю станцияларына (АЖҚС) АЖҚС-та 1 литр үшін 230-260 теңгеден (өңірге байланысты) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Сервис бюджет қаражатының шығынысыз әзірленген және Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасынан құжаттарды тексеруді көздейді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 22 тамызда ҚР Энергетика министрлігі мүмкін нұсқалардың бірі ретінде 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі" қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын, ақпараттық жүйенің операторы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) болып табылады.
 
Қазіргі уақытта келіп түскен өтініштерге сәйкес "ҰАТ" АҚ елдегі 2 мың АЖҚС үшін логиндер мен парольдер ұсынды, оның ішінде 271 АЖҚС жүйені іс жүзінде қолдана бастады, яғни жүйе іске қосылғаннан кейін бірден пайдаланушылар ретінде "кірген", жалпы ел бойынша АЖҚС-тарда 2 365 сату жүргізілді.
 
Сондай-ақ АЖҚС операторларына жүйемен жұмыс бойынша жедел консультативтік көмек көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тарапынан техникалық қолдау орталығы іске қосылды.
 
ҚР Энергетика министрлігі "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп, Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесін АЖҚС, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен және өзге де ақпараттық жүйелер мен сервистермен интеграциялау жұмыстарын жалғастыратын болады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда АМӨЗ жөндеуге тоқтаған кезде импорттық отынды жеткізу мүмкіндігі қаралады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны