02.02.2023, 08:56 33841

Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі жылу тарифін көтеруді жоспарламайды

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі коммуналдық қызметтерге тарифтер көктемде көтерілетінін айтқан болатын. Бұл ретте Екібастұз және Риддер тұрғындары үшін жылу үшін төлемнің көбірек жоғарылауы күтілуде
Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі жылу тарифін көтеруді жоспарламайды
Сурет: Depositphotos
Риддер. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу тарифі өспейді.

Биылғы жылыту маусымында қайта-қайта ақау шыққан Риддер жылу электр орталығының иесі ауысқаны белгілі.

Жаңа инвестор орталықты күрделі жөндеуден өткізіп, ескі жабдықтарды ауыстыруға ниетті.

Осы ретте риддерліктерді "жылу тарифі өсе ме?" деген сауал мазалап отыр.

Бұл сұраққа "Риддер ЖЭО" АҚ басқарма төрағасы Құралбек Әбдірахманов жауап берді.

Риддер қаласындағы жылу мәселесі түбегейлі шешіледі. ЖЭО-ның жағдайын жақсартуға инвестиция салынады. Ал жылу тарифі алдағы 5 жыл ішінде көтерілмейді", - деді ол кеше тұрғындармен кездесуде.


Еске сала кетейік, Даниал Ахметов Риддер жылу электр орталығындағы ақаулар мен апаттардан үйлері жиі суып кетіп отырған тұрғындардан кешірім сұраған еді.

Осыған дейін Екібастұз бен Риддерде жылу тарифі қаншалықты өсетіні болжанған.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров коммуналдық қызметтерге тарифтер көктемде көтерілетінін айтқан болатын. Бұл ретте Екібастұз және Риддер тұрғындары үшін жылу үшін төлемнің көбірек жоғарылауы күтілуде. Қуантыров тарифтердің көтерілу мөлшері коммуналдық желілердің тозу дәрежесіне тікелей байланысты болатынын түсіндірді.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында Риддер апаттық станциясын жылу энергетикасында үлкен тәжірибесі бар инвесторлар сатып алған болатын. Меншік иесі компанияларды электр энергиясын өндіретін турбиналарды жөндеуге шақырған.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны