25.01.2023, 11:10 38691

Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі кім болды

Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі кім болды
Сурет: Бейнеден кадр
Бүгінгі таңда мәміле сомасы коммерциялық құпия болып табылады. Әзірге, жаңа инвестор жұмысқа кірісіп қойғаны және қазір Риддер ЖЭО-да жүргені белгілі

Риддер. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Авариялық станцияны жылу энергетикасында үлкен тәжірибесі бар инвесторлар сатып алды, команданы ЖЭО жұмысымен жақсы таныс тәжірибелі маман Құралбек Әбдірахманов басқарады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Компания Қарағанды мен Астанада жұмыс істейді. Бүгінгі таңда мәміле сомасы коммерциялық құпия болып табылады. Әзірге, жаңа инвестор жұмысқа кірісіп қойғаны және қазір Риддер ЖЭО-да жүргені белгілі.

Облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың айтуынша, меншік иесі компанияларды электр энергиясын өндіретін турбиналарды жөндеуге шақырған.

Көмір беру трактін жөндеу жалғасуда, бүгін түнде желімдеу жұмыстары аяқталады, содан кейін іске қосу-реттеу процесі басталады. Ертең станцияға әдеттегідей көмір беруді жоспарлап отыр", - деді Нұрбаев.


Сондай-ақ, Ержан Нұрбаев атап өткендей, инвестор Риддерде қортқы көмір өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр - бұл өнім бүкіл әлемде және Қазақстанда сұранысқа ие. Оны өндіру кезінде қазандық агрегаттарын жағу үшін қолданылатын газ бөлінеді. Сондай-ақ, қортқы көмір өндірісінде суды жоғары температурада 95 градусқа дейін қыздырады, оны жылу желісінде қолдануға болады. Жаңа меншік иелері "Қазмырыш" кәсіпорнымен де іскерлік әріптестік қарым-қатынас орнатуға ниетті, олар металлургиялық ЖШС үшін қортқы көмір өндіруге дайын, ал артығы ҚХР-ға экспортталатын болады. Қортқы көмір шығаратын зауыт құрылысының тағы бір артықшылығы - бұл экологиялық компонент, күл үйіндісіне қажеттілік жоқ, өйткені қортқы көмір өндірісінде күл шықпайды деуге болады.

ӨКҚ деректері бойынша, инвесторлық компания барлық қажетті төлемдерді жүргізіп, керекті жабдықтарды сатып алып, істелген жұмыстардың ақысын төлеп бастады. Алдағы жылыту маусымын штаттық режимде өткізу жоспарлануда. Ал жазда Риддер ЖЭО-ға толыққанды жаңғырту жүргізіліп, зауыт құрылысы басталады.

Жаңа меншік иесінің бұдан арғы жоспары айқын, оның мұндай жұмыстарды жүргізуде тәжірибесі де, бұл жайлы нақты түсінігі де бар", - деді Ержан Нұрбаев.


Сондай-ақ, инвестор жаңартылған коммуналдық кәсіпорынның болашақ мамандары үшін, жұмысшылар тапшылығы туындамауы үшін тұрғын үй сатып алуға дайын екенін атап өтті.

Атап өткендей, алдыңғы иелер жұмыс күшінен айырылып қалды, ал 2022 жылдың қараша айындағы апаттық жағдай кезінде қажетті 270 қызметкердің орнына ЖЭО-да небары 100 шақты адам жұмыс істеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа меншік иесі нысанға 7 млрд теңге салуға ниетті.

Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.


Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Риддер ЖЭО апатына байланысты 22 мыңнан астам абонент жылусыз қалды. ТЖ режимі енгізілді. Қаладағы ЖЭО-да кезекті апат ағымдағы жылдың қаңтар айының басында орын алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны