30.05.2022, 18:40 24111

Басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,0 трлн теңгені құрайды

Басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,0 трлн теңгені құрайды
НҰР-СҰЛТАН. 30 МАМЫР - 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,0 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12 914,3 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,9 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
БЖЗҚ ақпараты бойынша, 2022 жылдың 1 мамырында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:
 
  • ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 331,96 млрд теңгені (портфельдің 41,29%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. 2022 жылдың 1 мамырына теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4% құрады.
  • ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының ағымдағы құны 1 698,75 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 13,15%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.
  • ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 927,44 млрд теңге (7,18%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,7%.
  • шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 734,24 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 5,69%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,6%.
  • халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 401,08 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 3,11%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,0% болды.
  • ҚР Ұлттық Банкіндегі депозиттердің ағымдағы құны есепті күнге 320,84 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 2,48%. Орташа алынған кірістілік жылдық 12,79% құрады.
  • ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарының құны 264,77 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 2,05%. Бұл кезеңде ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарын сатып алу және сату болған жоқ.
  • Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер 198,55 млрд. теңге құрады. Портфельдегі үлесі 1,54%. ҚР ЕДБ салымдарын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 9,1% болды.
  • шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларының құны 4,46 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 0,03%. БЖЗҚ ЗА портфеліндегі шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күні жылдық 10,5%.
  • есепті айда шетелдік эмитенттердің PPN (құрылымдық ноталарының) құны 11,22 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 0,09%. Шетелдік эмитенттердің PPN (құрылымдық ноталар) сатуы, өтеуі және сатып алуы болған жоқ.
  • ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларының құны 16,25 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 0,13%. Қарастырылып отырған кезеңде ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларын сатып алу, сату және өтеу болған жоқ. 
 
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:
 
- ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,26%, АҚШ долларында – 31,67%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,07%. 
 
Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бері 136,52 млрд. теңгеге жетті.
 
Геосаяси ахуалдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылық күшейіп, инфляцияның күрт өсуі, сондай-ақ, дамыған және дамушы елдердің бағалы қағаздары құнының өзгеруі салдарынан 2022 жылдың басынан бері салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,88% құрады.
 
Бұл ретте зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін (2021 жылдың мамыры мен 2022 жылдың сәуірі аралығында) 8,00% болды.
 
Зейнетақы активтерін шоғырландырудың аяқталу сәті – 2014 жылдың сәуірінен бастап 2022 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде жинақталған кірістілік 104,45% болды. 2014 жыл мен 2021 жыл аралығындағы 8 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылдық 9,68% құрады.
 
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) инвестициялық табыстылық 2022 жылғы 1 мамырға бүкіл кезеңдегі инфляция 593,98% кезінде өсу қорытындысымен 688,00%-ды құрады. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 2022 жылғы 1 мамырдағы қолданысы басталған кезеңде зейнетақы активтерінің нақты (яғни инфляциядан асатын) табыстылығы 94,02%-ды құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны