23.11.2021, 19:23 19760

1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13,2 трлн теңгеден асты

01.11.2020 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 613,5 миллиард теңгеге немесе 5% , ал 2021 жылдың қаңтар айынан бері 3 пайызға өсті.
1 қарашадағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 13,2 трлн теңгеден асты
Сурет: www.gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 23 ҚАРАША - 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,2 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
01.11.2020 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 613,5 миллиард теңгеге немесе 5% , ал 2021 жылдың қаңтар айынан бері 3 пайызға өсті.
 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,9 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 5%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 355,7 млрд теңге (өсім – 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,7 млрд теңгеге жетті", - деді БЖЗҚ баспасөз қызметінде.

 
Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 203,5 млрд теңгеге немесе 23% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 1,02 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім - 24%), МКЗЖ бойынша 45,7 млрд теңге (өсім 17%), 567 млн теңге (өсім 39%) ЕЗЖ бойынша аударылды. 
 
Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейін 1,2 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл былтырғы көрсеткіштерден 105,6 млрд теңгеге немесе 10 пайызға асып түскен. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 9,93%, ал инфляция 7,0% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 10,90% , осы кезеңдегі инфляция – 8,9% көрсетті.
 
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 11,7 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 910 003 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 536 752 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 56 487 бірлік.
 
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,2 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 2,0 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 78,7 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 50,8 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 47,7 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 33,0 млрд теңге, жерлеуге – 4,5 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,8 млрд теңге.
 

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 472 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды", - деп қосты БЖЗҚ.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны