25.08.2022, 09:46 17891

Қазақстанда 2023-2025 жылдары ЖІӨ өсімі 4% деңгейінде болжануда

2026 жылы ЖІӨ өсімі 3,2%-ға дейін қысқарады, өйткені кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіруді қысқарту жоспарлануда.
НҰР-СҰЛТАН. 25 ТАМЫЗ - Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) нақты өсуі 2023-2025 жылдарға 4,0-4,1% деңгейінде болжануда. Бұл туралы "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсіндірме жазбада айтылған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Үкіметтің болжамдарына сәйкес, ЖІӨ-нің нақты өсуі 2026 жылы 3,2%-пен дейін (кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіруді қысқарту жоспарлануда) және 2027 жылы одан әрі 4,2%-ке дейін өседі деп болжанып отыр. Алдағы орта мерзімді кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 3,9%-ті құрайды. 
 

Номиналды ЖІӨ 2023 жылы 120,7 трлн. теңгеден 2027 жылы 176,6 трлн. теңгеге дейін өседі", - делінген түсіндірме жазбада.

 
Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2027 жылы 18,3 мың АҚШ долл. дейін ұлғаюмен, 2023 жылы 13,2 мың АҚШ долл. құрайды.
 
Бағалау бойынша, ағымдағы серпін сақталған кезде 2022 жылы мұнайдың орташа жылдық бағасы бір барреліне 100 АҚШ долларынан асады. Орта мерзімді кезеңге арналған болжамда бір барреліне 85 АҚШ доллары болатын неғұрлым консервативті баға салынған.
 

Халықтың әл-ауқатын жақсартуды және алдағы кезеңге орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жалпыұлттық басымдықтарды және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын ескере отырып, 10 ұлттық жоба іске асырылатын болады", - делінген мәтінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны